Түркістан облысы Төлеби ауданы
Алатау жалпы білім беретін мектебінің тарихы
Елбасы жолдауындағы жарқын мақсаттарды іске асырып келе жатқан қара шаңырақ-Төлеби ауданындағы Алатау жалпы орта білім беретін мектебі. Осы мектептің тарихи жолына тоқталып өтсек. Оқу орны бастапқыда 1930 жылы құрылды.Бекітілмеген орын болмағандықтан
1954 жылы бастауыш сыныптар әкімшілікке қарасты дәріханада оқыды.
1959 жылы 8жылдық көлемінде ескі мектеп салынды.Мектепке директор болып Корягин В.Н.тағайындалды.
1962 жылы Қ.Аманжолов,1964 жылы Х. Көлбаев директор болды.
1965 жылы мектеп «Новострой» мектебі болып аталды.
Оған Ш.Дәуренбеков басшылық жасады.
1969 жылы Е.Өмірбаев басшылық жасады
1974 жылы С.Нұржанов басшылық жасады.
1976 жылы «Новый строй» орта мектебі болып өзгертілді.
1977 жылы Ж.Ештев директор болды.
1979 жылы Қ.Көшенов директор болып тағайындалды.
1988 жылы қыркүйек айында үш қабатты ғимарат пайдалануға берілді.
1993 жылы мектеп Алатау орта мектебі болып аталды.
2000 жылы Қойбеков, 2005 жылы Қ. Шыныбеков, 2006 жылы Т.Әміралиев директор болды.
2010 жылдан басатап Алатау жалпы орта мектебі болып аталды.
2014 жылы мектеп директоры болып Әміралиев Сұлтан Таліпұлы мектеп директоры болып тағайындалды.
14 .01.2021 жылы Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде мектеп атауы Төлеби ауданының «әлеуетті дамыту бөлімінің « Алатау жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналлдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.
28.08.2023 жылы Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде мектеп атауы Төлеби ауданының білім білім бөліміне қарасты «Алатау жалпы білім беретін мектеп» болып қайта аталды.
18.08.2025 жылы Алатау жалпы білім беретін мектебіне Баймусаев Бекжан Шеримович мектеп директоры болып тағайындалды.
мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.

